2021 жылғы 9 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы - ректоры Д.Н.Біляловтың басшылығымен біздің жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Кеңестің 2021/2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Ағымдағы оқу жылының 2-ші семестрінің (көктемгі сессия) қорытындысы шығарылды, соның ішінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бойынша Тестілеу орталығының басшысы Д.Н. Исабаева баяндама жасады.
Университет басшылығы емтихан қабылдау барысында АERO жүйесін (жасанды интеллектпен прокторингтік жүйе) енгізу бойынша Тестілеу орталығының жұмысын қолдады. Жалпы білім беру институттарына студенттерге осы жүйені түсіндіру бойынша қажетті және жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды.
Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы Өнер, мәдениет және спорт институтын тыңдады. Институт директоры Т.М. Қожағұлов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Институтқа директордың баяндамасында көрсетілген кемшіліктерді түзету бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Осыған байланысты, барлық институттарға осы отырыстың қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді ескере отырып, 2021/2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттың жұмыс жоспарын әзірлеу ұсынылды.
Университеттің әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі уәкілі С.У. Нұрғисаев «Парасат» орталығының студенттер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуы және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуы бойынша әлеуметтік зерттеу (сауалнама) бойынша жүргізген жұмысы туралы есеп берді.
Сондай-ақ Кеңес білім алушыларды, ата-аналарды, оқытушылар мен қызметкерлерді «Парасат» орталығының әлеуметтік желілерінде Instagram (parasat.abaiuniversity), Facebook (parasat.abaiuniversity) ақпараттандыру және кері байланыс орнату мақсатында студенттер мен қызметкерлердің ресми беттерге жазылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру ұсынды. Академиялық мәселелер және білім беруді ақпараттандыру жөніндегі департаменттеріне базалық ресурстарға бөгде немесе бұрынғы қызметкерлер мен оқытушылардың қол жеткізуіне жол бермеу мақсатында офис тіркеушілер бөлімшесінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамның академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бекітілген нормаларын бұзу жағдайларын есепке алып, кеңінен жариялауды, сайтқа ақпарат орналастыруды, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамның портфолиосына заң бұзушылықты енгізуді қамтамасыз етуді де тапсырды.
Артқа қайту