logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

05.11.2021

2021 жылғы 4 қарашада Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Т.М. Қожағұловтың бастамасымен әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі Уәкіл С. У. Нұрғисаевтың, «Парасат» орталығының басшысы К. Т. Үсіповтың және ректордың режим жөніндегі көмекшісі А. Таубаевтың қатысуымен дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.

Мұндай кездесудің қажеттілігі осы кафедра студенттерінің қарыздары (қомақты сома) үшін оқудан шығару фактілерімен, сондай-ақ білім алушылар тарапынан болған сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тұрғысынан назар аударуға лайықты жағдайлармен байланысты болды.

Алдымен, кездесуді жүргізіп отырған Институт директоры Т.М. Қожағұловтың тарапынан осы кафедра студенттерінің ақылы оқудан грантқа ауысу үшін ақша беру фактілері бойынша Университетте комиссия құрылып, анықтау жұмыстары жүріп жатқаны туралы ақпарат берілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл С.У. Нұрғисаев өз сөзінде жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі проблемалық мәселелерін және біздің университетте академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын сақтауға бағытталған іс-шаралар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізілетінін, қандай алдын алу шаралары, репрессивтік шаралары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттары, сыбайлас жемқорлыққа тән тәуекелдері бар екенін атап өтті. Оқытушыларға сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі белгілері және олармен күресу әдістері түсіндірілді, мұнда басты рөлді мәдениет, қызметтік этика, білім және адалдық ойнайтындығы айтылды.

Алайда, іске асырылған іс-шараларға қарамастан, әлеуметтік желілер мен білім алушылардың чаттарының мониторингі, әлеуетті сыбайлас жемқорлық фактілері әлі де бар екенін, шағымдар мен өтініштердің түсу деңгейі мен жиілігі төмендемейтін түрғанын атап көрсетті. Өтініштер мен шағымдарды тексеру барысында ИСО 37001-2016 халықаралық стандарты мен университеттің Этикалық ережелері талаптарының орындалмауының нәтижесінде әскери кафедра бастығы Р.О.Ракышев пен Педагогика және психология институтының екі аға оқытушысы жұмыстан босатылғандығы туралы ақпарат берілді.

«Парасат» орталығының жетекшісі Қ.Т. Үсіпов білім алушылар мен оқытушылардың соңғы жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан, университетте енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі - ИСО 37001-2016 халықаралық стандарты талаптарын сақтауының ерекше маңыздылығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру, ішкі және сыртқы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын бақылау мәселелерін атап өтті.

Кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейде және оқытушылардың, әсіресе жас ұрпақтың белсенді қатысуымен өтті, олар мүдделі сұрақтар қойды.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту