2021 жылғы 7 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «ISO 37001:2016 халықаралық стандарт талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесін енгізу және халықаралық сертификаттау тәжірибесі. Іс-шаралар практикасы» атты конфренция болып өтті. Дәстүрлі түрде екінші мәрте өткізіліп отырған іс-шара 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай офлайн-онлайн форматында ұйымдастырылды.
Конфренцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Басқарма Төрағасы - ректоры Билялов Дархан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ахметов Мұрат, Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан, ҚазҰПУ-нің Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы жөніндегі уәкіл Нұрғисаев Серікбай, профессорлар Толеубекова Бахытжан және Симтиков Жомарт және Алматы қаласының жоғары оқу орындарының проректорлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жауаптылар сонымен қатар университет тің институт, департамент директорлары, студенттер қатысты.
Жалпы бұл конфренция Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне коррупцияға қарсы халықаралық стандарт талаптарын енгізу кезінде әдістемелік көмек көрсету үшін «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.
Конфренцияны Басқарма Төрағасы - ректор Билялов Дархан ашып, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстар бойынша ақпарат берді.
Ахметов М.Ж. өз сөзінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі тарапынан еліміздің ЖОО-на койылатын талаптарға тоқталды, соңғы уақытта осы бағытта қандай заңнамалық өзгерістер болып жатқанын хабардар етті.
Негізгі баяндамашы Нұрғисаев С.Ө. өз сөзінде ИСО 37001-2016 халықаралық стандарт менеджмент жүйесін енгізу кезінде Университет бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізілгенін, тәуекелдерді азайту бойынша іс-шаралар енгізілгенін, жауапты тұлғалар тағайындалғанын айтты. Халықаралық стандартта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері саласындағы қызметкерлердің де, жұмыс берушінің де жауапкершілігі, міндеттері мен құқықтары көзделгендігін атап кетті. Жалпы университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп бекіткен Кешенді жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқан іс шаралар туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында Токушев Қ.А. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту болып табылатын қолданыстағы заңнаманың әлеуеті туралы айтып берді, тиісті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілмейтіндігі, сыбайлас жемқорлық проблемаларын және мемлекет қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін зерделеуге арналған әлеуметтік зерттеулердің деңгейі мен сапасы нашарлығына назар аударды.
Спикерлер Толеубекова Б.Х. және Симтиков Ж.Қ. жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі негізгі проблемалық мәселелерге, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасында қарастырылған заманымызға сай нормалардың бар екенін, сол бағытта жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталды. Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғырту да мақсатқа сай екендігі туралы айтылды.
Сондай-ақ, конференцияда еліміздің университеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарларды іске асыру мәселелері талқыланды.
ЖОО проректорлары білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен идеяларымен бөлісті.
Артқа қайту