2022 жылғы сәуірде университетіміздің Тарих және құқық институтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі м.а. Серікбай Нұрғисаев қатысқан көктемгі сессия қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын, «Академиялық адалдық» кодексін, сонымен қатар, университетімізде енгізілген ИСО - 37001 коррупцияға қарсы менеджмент жүйесі халықаралық стандартының талаптарын тағы бір еске салу бойынша жиналыс болып өтті.
Кездесуге институт директоры Ә.М. Джунусов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Асымова, ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.М.Мұратқазин, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б.Манапбаев, кафедра меңгерушілері: Жангуттин Б.О., Рүстем К.М., Көшпенбетов Б. М., Симтиков Ж.К. және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
С.Ө. Нұрғисаев өз сөзінде жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі проблемалық мәселелерін және біздің университетте академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын сақтауға бағытталған іс-шаралар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ, ИСО - 37001 халықаралық стандартқа сәйкес жүргізілетінін, қандай алдын алу шаралары, репрессивтік шаралары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттары, сыбайлас жемқорлыққа тән тәуекелдері бар екенін атап өтті. Оқытушыларға сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі белгілері және олармен күресу әдістері түсіндірілді.
Тарих және құқық институты директоры А.М. Джунусов көктемгі сессияға дайындық барысы жайлы айтып, әрбір эдвайзер білім алушыларды «Академиялық адалдық» кодексімен таныстырып жатқандығына тоқталды.
Артқа қайту