logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және академиялық адалдық кодексін білу

05.05.2022

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «SANALY URPAQ» жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспарының 2.1 және 2.2 тармақтарына сәйкес ұрпақтар арасындагы өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу, белгілі ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерінен кұралған спикерлер пулын қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 20 сәуір күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс - шараға мемлекет және қоғам қайраткері э.ғ.д., профессор Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев, белгілі қоғам қайраткері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы п.ғ.д., профессор Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы қатысты. Сонымен қатар, кездесуге ғылыми кітапхананың директоры Имансыдықова Н.Ж., Математика, физика және информатика институтының директорының м.а. Хамраев Ш.И., институт студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кездесу оффлайн, дөңгелек үстел форматында жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, студенттердің белсенді қатысуымен және олардың тарапынан тақырыпқа байланысты назар аударарлық сұрақтарда қойылды.

Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде негізгі проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды; Алдын алу шараларын; Репрессивтік шараларды; Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін; Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттарын; Сыбайлас жемқорлыққа тән тәуекелдер» және т. б. қамтитын «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздері» слайд түрінде ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әдістері мен құралдары баяндалған тыңдаушыларға мәдениет, қызметтік әдеп, білім және адалдық басты рөл атқаратын сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі белгілері және оларға қарсы күрес әдістері түсіндірілді.

Білім алушылар мен оқытушыларға, соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан, университетте енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл менеджмент жүйесі - ИСО 37001-2016 халықаралық стандартының талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту