2022 жылғы 28 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-да академиялық мәселелер жөніндегі проректор М.Ә. Бектемесовтың басшылығымен университеттің институт директорлары мен кафедра меңгерушілері қатысқан жиналыс болып өтті.
Проректор оқу процесінің толыққанды жүруіне университет басшылығы тарапынан барлық басқарушы ұйымдастыру іс-шараларының қабылданғанын сөзге тиек етті.
Жиналыста академиялық мәселелер департаментінің директоры Х.Н. Жанбеков жаңа оқу жылы басында орын алып жатқан біраз мәселелерге тоқталып, қысқа мерзімде жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы ақпараттарға тоқталды.
Сонымен бірге, академиялық мәселелермен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс офицері Қ.Т. Усипов сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берді және жоғары оқу орнында жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысына баяндама жасады.
Қ.Т. Усипов өз сөзінде жалпы университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға бағытталған іс-шаралар Университеттің кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетіндігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің жаңа құрамы бекітілгендігі, студент жастарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру рухында тәрбиелеу үшін тақырыптық сауалнамалар, кездесулер, дәрістер, шығармашылық конкурстар, дөңгелек үстелдер өткізілгендігі туралы баяндады. Жалпы комплаенс қызметінің мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу болса, жаңа оқу жылының басталғанына байланысты әр институт өз қызметкерлерімен, студенттерімен, эдвайзерлермен жеке-жеке комплаенс офицермен кездесу ұйымдастыру жұмысын қолға алса, өз тарапынан толық мағлұмат беруге дайын екендігіне сендірді. Сонымен қатар, жатақхана бөлу процесінде оңды өзгерістер болып жатқанына (жаңа цифрлы форматқа көшкендігіне) қарамастан, әлі де студенттер арасында делдалдар бар екенін нақты мысал келтіре отырып айтып берді. Сондықтан да бұл бағытта эдвайзерлер тарапынан түсіндіру жұмыстарының тұрақты түрде орындалуының маңызы орасан зор екендігіне баса назар аударды.
Артқа қайту