2022 жылғы 5 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің өзектілігі» тақырыбында кезекті семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, «Ұлттық тәрбие» орталығының жетекшісі Бахытжан Сапаров, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рашид Сеитов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Қамбар Усипов, сонымен қатар институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен білім алушылары қатысты.
Комплаенс-офицер Қамбар Усипов кіріспе сөзінде, 2003 жылы 9 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясына 140-қа жуық мемлекет қол қойып, қазір 80-ге жуық мемлекет оны ратификациялады, Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылғы мамырда ратификациялағаны туралы ақпарат берді. Конвенцияның мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою болды.
Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізуде. Президентіміз «Бұқаралық санаға «Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет» қағидатын енгізумен барлық мемлекеттік органдар бірлесіп айналысуға тиіс» - деп айтқаны есімізде. Біздің елімізде соңғы жылдары бұл бағытта маңызды қадамдар жасалуда. Соттарға, құқық қорғау органдарына, парақорлар мен делдалдарға қатаң жаза қолданылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Өткен жылдан бастап кірістерді жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.
Биыл ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасы бекітілді. Түпкі мақсат-сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Бұл жолда азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру өте маңызды.
Семинарда сөз алған Б.А.Әлмұхамбетов, Б.Ж.Сапаров, Р.Қ.Сеитов және К.А.Токушевтер студенттер арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің өзектілігі туралы өз ойларын ортаға салды.
Кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.
Артқа қайту