Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мониторинг жүргізіледі. Әрбір аралық бақылаудан, сессиядан кейін білім алушылар арасында анонимді сауалнама жүргізіледі. Сауалнама нәтижелері негізінде университет басшылығы анықталған кемшіліктерді түзету бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды.
Білім беру сапасын жақсарту және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында барлық білім беру құрылымдары деңгейінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшелерінің қатысуымен дәстүрлі түрде «Жеке форматта» 567 педагогикалық қызметкерлердің және 772 білім алушылардың қатысуымен 14 кездесу өткізілді.
Кездесулер барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі университет Кеңесінің және «Парасат» орталығының осы бағытта атқарылған іс-шаралар жөніндегі ақпараты, емтихан сессиясы кезіндегі тәртіп ережелерін, Академиялық адалдық Кодексінің ережелерін сақтау және университет деңгейінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу жөніндегі атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижелері баяндалды.
2019-2020 оқу жылында университетте Жастар ісі жөніндегі комитет пен Студенттік ректораттың қатысуымен 4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнама жүргізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізген (сыбайлас жемқорлық құрауыштарының болуы тұрғысынан карантин жағдайында жақында өткізілген онлайн-сауалнама да бар), оған 948 студент қатысты.
Белсенді студенттер арасынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және оның алдын алу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қысқы емтиханды тапсыру және қабылдау барысында «Жемқорлықсыз сессия» акциясын, сонымен қатар, әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді. Барлық курстар бойынша сауалнама сұрақтарына 2893 студент жауап берді.
Қысқы сессия қорытындысы бойынша әдептілік талаптарын сақтамағандары үшін бір студент (емтиханда ұялы телефонын пайдаланғаны үшін) оқудан шығарылды, 61 студентке қатаң сөгіс жарияланды (шпоргалка қолданғандары үшін).
Осы жылдың 17-25 ақпаны аралығында Жастар ісі жөніндегі комитет пен Студенттік ректораттың қатысуымен білім сапасы, жатақхана мәселелері, тәрбие саясаты туралы сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамаға бакалавриатта оқитын 5300 жуық 1-4 курс студенттері қатысты. Сауалнамалардың пайыздық есептік нәтижелері Ректораттың арнайы жиналысында қаралуға жоспарланды.
Студенттер арасында парасаттылықты насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру үшін барлық білім беру институттарында ұяшықтары бар 209 белсенді студенттердің қатысуымен «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылды. Клубтың жұмыс жоспарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар қарастырылған. Клуб мүшелері "SANALY URPAQ" республикалық Жобалау кеңсесімен жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік эссе, өлең, сурет, плакат, стикер, бейнеролик сияқты байқауларына қатысып тұрады.
Университетте (2020 жылдың 29 қаңтары мен 4 ақпаны аралығында) Өнер, мәдениет және спорт институтының көркем-графикалық бөлімінің студенттері арасында «Академиялық адалдық» Кодексіне негізделген «Сыбайлас жемқорлық - суретшілер көзімен» плакаттар байқауы өткізілді. Байқауға 24 білім алушы қатысып, 20 жұмыс ұсынылды. Байқау жұмыстарының көрмесімен ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов танысты.
Байқауға қатысу арқылы магистранттар, студеттер өздерінің шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, патриоттық тәрбиеге баулу, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білу, жемқорлықтын алдын алу, шығармашылық ой талғамдарын бейнелеп көрсету арқылы өзін-өзі дамытуға мүмкіндік алды.
2020 жылдың 12 наурызында Университеттің «Парасат» орталығының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарды университет деңгейінде енгізу үшін университеттің жетекші мамандарының қатысуымен (83 адамның) «ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын дайындау» жөніндегі семинар өткізілді.
Семинарға қатысып білім алған қызметкерлер қатарынан құрылған 24 аудиторлар тобымен Университет деңгейінде енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету менеджменті жүйесінің заңнамасымен (стандартпен) айқындалған талаптарға сәйкестігін анықтау бағытындағы аудиторлық тексеру жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылдың 27 наурызында «Sanaly Urpaq» республикалық Жобалау кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушевтің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы дәрісі өткізілді. Онлайн форматында өткізілген дәріске Университетіміздің әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі-бірінші проректор, «Парасат» орталығының директоры және құрылымдық бөлім басшылары мен институт директорларының орынбасарлары қатысты.
Мұндай дәрістерге қатысудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру, ішкі және сыртқы мониторингті жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын бақылау, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер кеңінен талқыланады.
Жалпы, қызметкерлер және білім алушылар сыбайлас жемқорлық оқиғасын, мүдделер қақтығысын немесе осы бағыттағы басқа да іс-қимыл саясатын бұзатын кез келген жағдайларды анықтаған жағдайда, олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің жұмыс органы болып табылатын «Парасат» орталығына тікелей жүгіне алады. Ол жөніндегі рәсім университетте қалыптасқан. Әрбір өтініш бойынша тексеру жүргізіледі (ағымдағы оқу жылында 7 өтініш қаралды), нәтижелері әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілге баяндалады.
Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсыруымен әлеуметтік желіде университеттің қызметіне қатысты ақпаратпен бөлісу, жеке және заңды тұлғалармен кері байланысты қалыптастыру үшін әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің жеке ресми парақшасы ашылып, жеке байланыс деректері жарияланды.
Артқа қайту