Абай университеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары аясында 2023 жылдың 02 қазаны мен 08 қараша аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі жеті институттың (Жаратылыстану және география институты, Филология институты, Педагогика және психология институты, Сорбонна - Қазақстан институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Тарих және құқық институты, Математика, физика және информатика институты) кафедра меңгерушілерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізілді.
Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде негізгі проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңының талаптары, алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, ішкі нормативтік құжаттардың нормаларын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын бақылау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Кездесу соңында іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еркін бағытта пікір талас жүргізілді. Осындай кездесулер тұрақты түрде өткізу қажеттілігі туралы ұсыныстар қабылданды.
Артқа қайту