2023 жылдың 28 қарашасында 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Абай университетінің «Үркер» студенттік театрының «Алма!» жаңа қойылымы көрсетілді. Қойылым сыбайлас жемқорлық мәселесіне және оның қоғамға әсеріне назар аударуға арналған.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Сабыр Түменбаев, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен студенттері қатысты.
Идеяның авторы мен қойылым режиссерлері Филология институтының 2 курс студенттері Мұхтаров Ермахан мен Қарабала Данияр. Театр қойылымы сыбайлас жемқорлық мәселесін қозғап, оның тұлғааралық қарым-қатынасқа, әлеуметтік әділеттілікке және негізгі моральдық құндылықтарға тигізетін әсерін ашып көрсетіп, көрермендерге осы әлеуметтік құбылысқа жаңа көзқарас пен түсінік берді.
Іс-шара барысында Болат Тілеп шараның маңыздылығына тоқталып, студенттік театрдың қатысушыларына тамаша қойылымдары үшін шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ ол студенттердің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсініп қана қоймай, университет қабырғасында адалдық, парасаттылық, имандылық сияқты әлеуметтік құндылықтарды қалыптастырып жатқанын жеткізді. Ректор бұл іс-шара студенттердің кәсіби дағдыларын ғана емес, олардың қоғамдағы жауапкершілігін және саналы азаматтың рөлін арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Іс-шара соңында Арман Рахимов университет ректорына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкеріне, сондай-ақ «Үркер» студенттік театрына алғыс хаттар табыс етті.
Қоғаммен байланыс департаменті
Артқа қайту