logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

20.03.2024

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмыс Жоспарына сәйкес 2024 жылғы 13-20 наурыз аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында білім алушылармен «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кезекті кездесулер өтті.

Кездесуге комплаенс-қызметінің басшысы Қ.К Мадиев, қызметтің комплаенс офицері К.Т.Усипов, сонымен қатар университеттің барлық институттарының (Филология; Өнер, мәдениет және спорт; Педагогика және психология; Математика, физика және информатика; Жаратылыстану және география; Тарих және құқық) магистранттары мен докторанттары шақырылды. Өткізілген 6 кездесуге офлайн форматта – 200 астам білім алушы қатысты.

Кездесулер барысында білім алушыларға, соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан, университетте енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың менеджмент жүйесі - ИСО 37001-2016 халықаралық стандарты талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде негізгі проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды; Алдын алу шараларын; Репрессивтік шараларды; Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін; Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттарын; Сыбайлас жемқорлыққа тән тәуекелдер» және т. б. қамтитын «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздері» слайд түрінде ұсынылды.
Кездесулер жоғары ұйымдастырушылық деңгейде және студенттердің белсенді қатысуымен өтті және олардың тарапынан тақырыпқа байланысты сұрақтарда қойылды.

Білімді аралық бақылау кезеңінде, жалпы сессияға дайындық қарсаңында Академиялық адалдық Кодексінің талаптарын, Әдеп ережесінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ISO 37001:2016 стандарты талаптарының сақталуын және олардың бұзылуына жол бермеудің маңыздылығын студенттер арасында түсіндіру, тәрбие жұмысын күшейтуді қолға алу тұрғысынан қарағанда, болып өткен кездесулердің маңызы зор.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту