2024 жылдың 5 қыркүйегінде Абай университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, университеттің жеті факультетінің 300-ге жуық студенті қатысты.
Кездесу барысында Жарқын Ғалымов студенттерге сыбайлас жемқорлық түсінігі мен түрлері, оның шығу тарихы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептерін түсіндірді. Ол құқықтық сауаттылық саласындағы озық тәжірибелермен таныстырып, ашықтық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелеріне, әсіресе, білім беру және педагогикалық қызмет аясындағы туындайтын мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ шетелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәжірибесінің нақты мысалдары келтіріліп, елімізде атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сөз соңында Жарқын Ғалымов студенттерге оқуда сәттілік тіледі.
Артқа қайту