logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

А Н О Н Ссыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы

16.07.2025

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) Басқарма Төрағасы – ректордың 2025 жылғы 19 мамырдағы № 05-04/435 бұйрығына сәйкес өткізілетін академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің (бұдан әрі – Департамент) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауға мынадай бағыттар бойынша шығарады:
- Департаменттің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша ұсыныстар мен пікірлер, 2025 жылдың 23 шілдесіне дейін parasat.abaiuniversity@mail.ru электрондық поштасына немесе, Алматы қ., Достық даңғылы, 13, мекен-жайы бойынша 8 (775) 220-01-96 телефонына қабылданады.

Артқа қайту