logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Абай университетінде ішкі талдау нәтижелерін тақылау өтті

30.07.2025

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің (бұдан әрі – Департамент) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
Аталған талдау Университет Басқарма Төрағасы – ректордың 2025 жылғы 19 мамырдағы № 05-04/435 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» жобаларын орындау жөніндегі Типтік базалық бағыттар – 4 (ТББ-4) нұсқаулығына сәйкес ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу қажет, осыған байланысты 2025 жылғы 30 шілдеде жұмыс тобының барлық мүшелерінің-сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы мен қызметкерлерінің, академиялық қызмет жөніндегі проректордың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.
Ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдер мен ұсыныстар Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты аясында қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту