қаз   рус
Университет без коррупции
Телефоны доверия:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54
050010, Алматы,
ул. Джамбула, 25, каб.304
anticor@kaznpu.kz
    «SANALY URPAQ» жобасы туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар Біздің серіктестеріміз
Жаңалықтар
21-12-2018
«37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе менеджменті»х алықаралық стандартының орындалуына дайындық» семинары

  

20-21 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе менеджменті» ISO 37001:2016 халықаралық стандартының орындалуына дайындық бойынша семинар өтті. Семинарды университеттің Даму стратегиясы және сапаны талдау департаментінің ұйымдастыруымен «ISO ендіру консалтингілік Агенттігінің директоры Анатолий Бандуро өткізді.


ISO 37001:2016 халықаралық стандарты сыбайлас жемқорлық қатерлерін бағалауға, контексті талдауға, университетте жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі менеджментін енгізуге және жетілдіруге қойылатын талаптарды белгілейді.

Екі күндік семинардың негізгі мақсаты жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын-алу, сыбайлас жемқорлық туралы қызметкерлер мен студенттерге ақпарат беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Семинарға проректорлар, институт директорлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және ҚазҰПУ-дың жемқорлыққа қарсы комиссиясының мүшелері қатысты.

Бірінші проректор Мақтағали Бектемесов іс-шараны ашып, ISO 37001: 2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе менеджменті» халықаралық стандарты бойынша семинардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Семинар соңында (170-тен астам) тыңдаушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің менеджері» біліктілік сертификаттары берілді.

Семинар өткізу туралы өкім

Семинардың бағдарламасы

   

   

   

   

   

   

  

  

  

 

 

Білім сапасын сараптау және бағалау бөлімі

Другие новости

Отправить нам сообщение

«SANALY URPAQ» жобасы туралы

Жаңалықтар

Анкета

План работы

Біздің серіктестеріміз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар



Телефоны доверия:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Только совместными усилиями мы сможем противодействовать коррупции в обществе.