қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
27-06-2018
Алматыда білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдері талқыланды

«SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінде жоғарғы оқу орындары, мектеп, колледж өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, білім басқармасының жетекшілері «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жемқорлыққа қарсы жобасы аясында білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерінің картасын талқылап,  білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың амал мүмкіндіктерін қарастырды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дан профессор Бақытжан Төлеубекова қатысты.

Жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы жемқорлыққа қарсы технологиялар ҒЗИ тарапынан жасалған. Бұл құжат мектепке дейінгі оқу мекемелерінен бастап жоғары оқу орындарындағы басқару, қаржы-шаруашылық, білім-ғылым, әлеуметтік-тәрбиелік сияқты білім беру салаларының барлық қызметін қамтыған.

«SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев атап өткендей, «жемқорлыққа қарсы технологиялар мен жемқорлық тәуекелдері картасының кезеңдік және жүйелік жұмысы болашақта білім беру мекемелерінің жемқорлыққа қарсы жасаған қызметіне қатысты барлық деңгейдегі рейтингілік баға көрсеткіштері мен нақты мониторинг критерилерін жасауға септігін тигізеді».  Жобаны ұйымдастырушылардың ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтинг барлық білім мекемелері үшін өздерінің жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға деген пәрменді ынталандыру болмақ.

Жиын барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияның тәжірибесі талқыланды, мұнда 2011 жылдан бері «Жемқорлықтан тыс университет» жобас жүзеге асуда.

Жиын барысында университеттің нәтижеге қол жеткізуге бағытталған басқаруды іске асырудағы индикативтік жоспарлауы, оқытушылар қызметінің рейтингтік тұрғыдан бағаланып еңбектің дифференциалды төленуі, бірыңғай ақпараттық-сараптамалық жүйе мен университеттегі бизнес процестердің сандық технологияларын жасау сияқты жұмыстар жиналған қауымның қызығушылығын тудырды.

Другие новости


 1  2  ... след.

Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.