қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
19-02-2019
Факультеттегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы есебі

 

2019 жылдың 10 қаңтарында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары мен ата-аналарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес туралы Ереже», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стандарты», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы No 986 жарлығы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы,  ҚазҰПУ-дегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңестің 2018/2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен» таныстыру мақсатында кездесу болды. 

Кездесу мақсаты – тыңдаушылардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды түсіну, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында оқушылар ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру.

Факультетте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» комиссия жұмыс істейді. Оның төрағасы факультет деканы Г.З.Таубаева, кафедра меңгерушісі С.Б. Бегалиева, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Джунусова, кафедра оқытушысы Г.Нурахунова.    

Тыңдаушылар мен ата-аналарға Абай атындағы ҚазҰПУ-ң сайтында «Ректор блогының» жұмыс істейтіндігі, университет тарапынан арнайы комиссия құрылғандығы, сонымен қатар факультетте барлық оқу кабинеттерінде бейнебақылау орнатылып, онда бақылау жұмыстары жүргізелітіндігі туралы айтылды.  

Сөз алған Серікбай Айжанның әпкесі Абай атындағы ҚазҰПУ-де сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жатқан университет, факультет басшылығы мен оқытушыларына ризашылығын білдірді.

Сөйтіп, әрбір топ эдвайзерлері тыңдаушылар мен ата-аналарға басқа сырт адамдарға алданып қалмаудың жолдарын айтып түсіндірілді.

 

 

 

Другие новости


 1  2  ... след.

Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.