қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
25-04-2019
Біз - сыбайлас жемқорлықсыз сессия үшін!

2019 жылдың 5-15 сәуірі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ - да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес, тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Біз-сыбайлас жемқорлықсыз сессия үшін» атты апталық өткізілді. Апта барысында 7 білім беру институттарының ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізілді. 5 сәуір күнгі педагогика және психология институтының оқытушылары мен студенттері кездесу барысында, Заңтану кафедрасының аға оқытушысы  Боранбаева С.Р. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының ережелерін түсіндірді, Кеңес комиссиясының төрайымы, профессор Төлеубекова Б.Х. студенттердің құқықтары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты жағдайларда оларға көрсетілетін көмек шектері туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді. 4-курс студенті, студенттік ректорат мүшесі Ділдәбек Дидарбек жатақхана жағдайындағы студенттердің өміріне, академиялық айырмашылықты уақытылы тапсыруға, олардың қоғамдық жұмыстарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде осы кездесуге қатысушылардан білім беру және тәрбие жұмысының жекелеген бағыттарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар түсті.

Университет ректоры, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы, профессор  Балықбаев Т.О., тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор  Ишпекбаев Ж.Е. тікелей қатысқан Жаратылыстану және география институтының ұжымымен кездесу барысында оқытушылар тарапынан студенттердің белсенділігі мен өзара түсіністігінің жоғары деңгейі көрсетілді. Өзінің мазмұндық сөзінде Такир Оспанұлы қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлық көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" ортасын құру сияқты маңыздылықтарға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелерінде белсенді азаматтық ұстанымды, батылдық пен адалдықты көрсету, өзінің абыройы мен қадір-қасиетін сөз емес, іс жүзінде сақтау сияқты маңызды аспектілерге аударды. Аудитория Такир Оспанұлы қолдау беріп, университетте заңға мойынсұнушылық  мінез-құлқына негізделген қарым-қатынасқа бағытталған барлық шараларды жүзеге асыруда оқытушылар мен білім алушылар да университеттің бірінші басшысының қолдауына ие болды. Атап айтқанда, ректордың поштасы университетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық формаларында көмек көрсеткісі келетін және көмектесе алатындар үшін әрқашан ашық екендігі атап өтілді.

Осындай кездесулер филология және көптілді білім беру институтында (8 сәуір), Сорбонна-Қазақстан институтында (10 сәуір), Физика, математика және информатика институтында (11 сәуір), Тарих және құқық институтында (12 сәуір), Өнер, мәдениет және спорт институтында (15 сәуір) өткізілді.

Жаратылыстану және география институты ұжымының ҚазҰПУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасымен кездесуі. Университет ректоры  Балықбаев Т. О. 09.04.2019 ж.

Жаратылыстану және география институтының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы кездесу барысында 09.04.2019 ж

Физика, математика және информатика институтының студенттерімен кездесу барысында 11.04.2019 ж.

Филология және көптілді білім беру институтының студенттерімен кездесу барысында 08.04.2019 ж.

Педагогика және психология институт залындағы жиналыс  05.04.2019 ж.

Педагогика және психология институт залындағы жиналыс 05.04.2019 ж.

 

 

Другие новости


 1  2  ... след.

Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.