қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
24-12-2018
«Жемқорлықсыз сессия» атты акциясының есебі

 

Тәрбие басқармасы мен Жастар ісі жөніндегі комитеттің бірлесе ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20-22 желтоқсан күндері аралығында университетте жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында «Жемқорлықсыз сессия» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтарын әлеуметтанушы мамандардың қатысуымен қазақ және орыс тілдерінде құралды. Сауалнамаға жалпы саны университетіміздің 1394 студенті қатысты.

Сауалнама нәтижелеріне тоқталып өтсек:

1. Тарих және құқық институтында 207 студент сауалнамаға қатысты. Оның ішінде оқу үдерісінде жемқорлық фактісімен 12 студент кездескен.

2. Математика, физика және информатика институтында 398 студент сауалнамаға қатысты. Оның ішінде оқу үдерісінде жемқорлық фактісімен 20 студент кездескен.

3. Психология-педагогика институтында 227 студент сауалнамаға қатысты. Оның 4 студенті жемқорлық фактісі бар деп жауап берген.

4. Жаратылыстану және география институтында 231 студент сауалнамаға қатысты. Оның ішінде 3 студент жемқорлық фактісі бар деп жауап берген.

5. Өнер, мәдениет және спорт институтында 43 студент сауалнамаға қатысты. Оның ішінде оқу үдерісінде жемқорлық фактісімен студенттер кездеспегендігін көрсетті.

6. Филология және көптілді білім беру инстиуттында 214 студент сауалнамаға қатысты. Оның ішінде 1 студент жемқорлық фактісі бар деп жауап берген.

7. Сорбонна-Қазақстан институтында 30 студент сауалнамаға қатысты. Оның 4 студенті жемқорлық фактісі бар деп жауап берген.

Сауалнама қорытындысы бойынша 1394 студент қатысып, оның 1350 студенті университетте «жемқорлық фактісі жоқ» деп белгілесе, 44 студенті «жемқорлық фактісі бар» деп белгілеген.

 

 

Другие новости


 1  2  ... след.

Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.