қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
06-05-2019
Университетімізде жемқорлыққа жол жоқ!

 

2019 жылы 6 мамыр күні ҚазҰПУ бас оқу ғимаратының конференц-залында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің белсенділері, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор  Құлсариева А. Т., тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ишпекбаев Ж. Е., академиялық мәселелер жөніндегі департамент және тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі департамент қызметкерлері кездесті, сондай – ақ студенттік ректорат пен "Sanaly urpaq"клубының мүшелері Алматы қаласы бойынша МҚІСҚА департаментінің басшысы, Алматы қаласы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Данияр Таумұратұлы; Алматы қаласы бойынша МҚІСҚА Ұлттық бюросының департаментінің басшысы Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы; "Sanaly Urpaq" жобалық кеңсесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы; "Алматы-адалдың алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Братенков Александр Иванович қатысты.

Кездесу модераторы университеттің бірінші проректоры Бектемесов М.А. болды. Кездесу барысында Токушевтің Қ. А. "Студенттердің анонимді сауалнамасының нәтижелері бойынша ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша міндеттер туралы" атты баяндамасы тыңдалды. Баяндаманы талқылау барысында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерін туғызуға қабілетті негізгі сәттер талданып, осы қауіп-қатердің аса қауіпті екендігін ескере отырып, тиімді шаралар ұсынылды. Жалпы баяндамашы университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметіне жоғары баға берді. Кездесуге барлық қатысушылар мен қонақтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі заманғы проблемаларға, болашақ мұғалімдер мен өскелең ұрпақтың тәрбиешілеріне қатысты белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру әдістеріне жоғары көңіл бөлді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес басшылығының алдына семестрлік емтихандар кезеңінде кеңес бөлімшелерінің қызметін жан-жақты жандандыру міндеті қойылды.

"Sanaly urpaq" жобасының, Алматы қаласы бойынша МҚІСҚА департаментінің, "Алматы – адалдық алаңы" жобалау кеңсесінің өкілдерімен кездесу бағдарламасы.

 

 

 

 

 

 

 

Другие новости


 1  2  ... след.

Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.