қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
«Парасат» орталығы / Центр туралы /

Центр туралы

Центр туралы

Усипов Қамбар Тұрарұлы

«Парасат» орталығының директоры


ussipov63@mail.ru

 

 

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2019 жылғы 27 тамыздағы Ғылыми Кеңесінің  шешіміне сәйкес (№ 1 хаттама) Академиялық адалдық принципінің сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандартын енгізу мақсатында 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 633-ж/қ бұйрығы бойынша университет құрылымында «Парасат» орталығы ашылды.

Мақсат

Сыбайлас жемқорлық сұрақтарында құқықтық талаптарға және халықаралық нормаларға толық сәйкестікті қамтамасыз ету, соның негізінде қаржылық шығындардың қаупінен арылу және басқа оқу орындармен бәсекелестікте артықшылықтарға қол жеткізу, сонымен қатар, Университет өз қызметін этикалық нормаларға толық сәйкес атқаратындығына көз жеткізу.


Міндеттер
- сыбайлас жемқорлық белгілерін және ықтимал қауіптерін анықтау мақсатында университет қызметінің процесстеріне мониторинг ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шараларды дайындау және өткізуге бақылауды ұйымдастыру;
- университеттің білім беру, тәрбие және ғылыми зерттеу процесстерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи технологиялары мен тетіктерінің қолдануын қамтамасыз ету;
- ISO 37001:2016 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу;
- университет құрылымдық бөлімшелерінің ұжымдарында және оқып үйренушілер арасында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Агенттігінің Республикалық «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің ұсынымдарының негізгі басымдығын түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
- университеттің профессор-оқытушылар құрамын, әкімшілік басқару персоналын және студенттерді сыбайлас жемқорлықты болдырмау процесстеріне қосу жұмыстарын ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа жәрдемдесетін себептер мен шарттарды уақытында жоюды ұйымдастру;

Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.