қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
16-04-2021
«Адалдық алаңы» қалалық онлайн дөңгелек үстел

2021 жылдың 14 сәуірі күні «Адалдық алаңы» қалалық онлайн-дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелді Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Такир Балықбаев ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына бағытталған іс-шаралар кешені туралы мәліметтерге тоқталды. Білім алушыларды биылғы 2020-2021 оқу жылында жасанды инллектпен автоматты прокторингтік жүйесінің енгізілгенін және емтиханның қалай өтетіндігін айтты. Сонымен қатар, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің ұсынысы негізінде ашылған «Парасат» орталығының жұмысына атап өтіп, арнайы комиссиялардың құрылғандығын тілге тиек етті.


Дөңгелек үстел модераторы, Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы жөніндегі уәкіл Серікбай Нұрғисаев өз кезегінде университет құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау бойынша ақпараттармен таныстырды.


Сөз кезегін алған ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Алматы - адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Айнур Сәбитова 2018 жылы қаламызда іске қосылған «Алматы - адалдық алаңы» жобасы туралы мәлімдеп, бүгінгі күні өзі басқарып отырған Жобаның басым бағыттарына тоқталып өтті.


Білім ордамызда сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және адалдық қағидаттарын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында дөңгелек үстел қорытындысы бойынша университетте «Алматы - адалдық алаңы» жобасын іске асыру және инклюзивті білім беру бағытында бірқатар шара өткізу бойынша шешімдер қабылданды.

Вернуться назад
Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.