қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
05-04-2021
Семестрдің үздік қызметкерлері

2021 жылы 5 сәуірде университет құрылымындағы департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлердің мансаптық өсуі мен белсенділігін ынталандыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ «Парасат» орталығы 2021 оқу жылының екінші семестрі бойынша «Семестрдің үздік қызметкері» конкурсын өткізді. Университеттің он департаменті мен бір басқарма арасында сауалнама жүргізілді.

 

Конкурс барысында қызметкерлердің білім және ғылым саласындағы жұмыс өтілі (кемінде үш жыл) мен жетістіктері ескерілді. Сауалнама қорытындысы бойынша үздік он бір қызметкер анықталды.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев «Семестрдің үздік қызметкері» конкурсының жеңімпаздарын құттықтап, университет атынан мақтау қағазы мен қаржылай сыйақы табыс етті.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ барлық проректорлар, әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл онлайн форматында, институт директорлары, басқа басшы құрам өкілдері онлайн форматында қатысты.

 

Конкурс жеңімпаздарының суреттері орналастырылған арнайы баннер дайындалып, Университетке тиісті барлық ғимараттардың көрнекті жеріне ілінетін болады.

 

Вернуться назад
Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.