қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
28-05-2021
Профессор С.Ө. Нұрғисаевтың 65 жылдық мерейтойына арналған кездесу

2021 жылғы 26 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы жөніндегі уәкілі, «Парасат», «Құрмет», ордендерінің иегері профессор Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлының 65 жас мерейтойына арналған кездесу болып өтті.

 

Іс-шараға Университеттің Басқарма төрағасы-Ректоры, проректорлар, департамент және институт директорлары, қонақтар қатысты. Кездесу барысында профессор С.Ө. Нұрғисаевтың жарық көрген еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды. Олардың қатарында «Наурызбай батыр» туралы 3 томдық, «Тәуелсіз елдің мемлекеттік қызметінде 30 жыл» сияқты иллюстрацияланған құнды кітаптар.

 

Кездесуде белгілі ақын Несіпбек Айтұлының мерейтой иесіне сыйлаған «Өкінбейсің» тақырыбындағы арнауы оқылды.

 

Университетіміздің Басқарма төрағасы-Ректор Такир Балықбаев құттықтау сөзінде С.Ө. Нұрғисаевтың еңбек жолын баяндай келе, Алматы қаласының аудан әкімі, Қызылорда облысының әкімі, Мәжіліс депутаты сияқты жауапты да, жоғары деңгейдегі лауазымдардағы және соңғы кезде ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасының жетекшісі қызметіндегі жинаған мол тәжірибесі университеттің сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте жақсы нәтижелерге қол жеткізетіндігіне сенім білдірді. Зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілей отырып, мерейтой иесін университеттің «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен марапаттады.

 

Кездесу әнші Гүлнұр Оразымбетованың ән шашуымен және Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі домбырашыларының орындауындағы күйлермен жалғасқан концерттік бағдарламамен аяқталды.

Вернуться назад
Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.