қаз   рус
Жемқорлықсыз университет
Сенім телефондары: +7 (727) 293-02-71, 291-30-54 050010, Алматы қ-сы, Жамбыл к-сі, 25 үй, 304 бөлім anticor@kaznpu.kz
Жаңалықтар
10-12-2020
Сыбайлас жемқорлықпен күрес: «Адалдық сағаты» онлайн-дәрісі

2020 жылдың 8-9 желтоқсан күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Парасат» орталығының ұйымдастыруымен қысқы сессия қарсаңында және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адалдық сағаты» онлайн-дәрісі өтті.


Іс-шараға Университеттің Филология және көптілді білім беру институты (107 студент), Жаратылыстану және география институты (200 студент), Педагогика және психология институты (192 студент), Сорбонна - Қазақстан институттарының (64 студент), Тарих және құқық институты (160 студент), Өнер, мәдениет және спорт институты (85 студент) білім алушыларымен қатар профессор-оқытушылар құрамы, институт директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасарлары қатысты.


Негізгі спикерлер Университеттің Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі уәкілі Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев және «Парасат» орталығының директоры Қамбар Тұрарұлы Усипов болды, олар соңғы жылдары оқу орнында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы айтты.

Профессор Нұрғисаев С.Ө. университеттің жемқорлыққа қарсы бастамаларының 8 желтоқсанда Алматы қаласында «Парасаттылыққа апаратын сара жол: айқындылықты, есептілікті және қоғамдық қатысуды арттыру» тақырыбында өткен VΙ Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-конференция аясында айтылған мәселелермен үндестікте екеніне баса назар аударды. Ашықтық пен қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету тетіктері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың цифрлық құралдары болып табылатын Instagram (parasat.abaiuniversity), Facebook (parasat.abaiuniversity) әлеуметтік желілерінде білім алушылар мен ата-аналарды, оқытушылар мен қызметкерлерді орталықтың бағыты бойынша ақпараттандыру және кері байланыс орнату мақсатында «Парасат» орталығының ресми парақшалары ашылғандығы да айтылды.


Қамбар Усипов орталықтың алдағы қысқы сессия кезіндегі жұмысының маңыздылығын атап өтіп, университетте енгізілген Академиялық адалдық кодексінің, Әдеп кодексінің, ISO 37001: 2016 халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының талаптарын сақтау және олардың бұзылуына жол бермеу қажеттігін айтты.

 

Кездесу жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылар дәрістің пайдалы екенін атап өтті.

Вернуться назад
Отправить нам сообщение

Сенім телефондары:
+7 (727) 293-02-71, 291-30-54

Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тұра аламыз.