logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен кездесу

27.03.2026

27 наурыз күні Abai University-де Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшылығы мен қызметкерлері және университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі бірлесе отырып математика, физика және информатика факультетінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік басқарма басшысы Бурибаев Серікжан Көбейұлы және Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Еркінқызы Меруерт сөз сөйледі. Олар шараның маңыздылығын атап өтіп, қаржылық мониторинг органдарында кәсіби қызметті таңдау, алаяқтықпен күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін кеңінен қозғады.
Спикерлер болашақ заңгерлер мен IT мамандарының рөліне ерекше тоқталып, олардың құқықтық тәртіпті нығайту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.
Департамент қызметкерлері Қаржылық мониторинг агенттігіне жұмысқа тұруға үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ қызметтің әлеуметтік кепілдіктері мен артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, заманауи алаяқтық түрлері, оның ішінде жасанды интеллектіні пайдалану, әлеуметтік желілердегі дипфейктер және ақпаратты бұрмалау тәсілдері (түпнұсқа мен жалған нұсқаларды ажырату) талқыланды.
Кездесу соңында білім алушыларға алаяқтық әрекеттерден сақ болу, цифрлық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту