2026 жылғы 8–9 қазан күндері Алматы қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының тағылымды қағидаларына негізделген «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» пікірсайыс турнирі өтті.
Аталған іс-шараның ұйымдастырылуына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі , Тарих және құқық факультетінің Құқықтану мамандығының студенттері белсенді атсалысты.
Атап айтқанда, Кемелбек Даниал, Мыңбай Ерасыл, Найман Іңкәр, Сейітова Ұлымжан, Жалғасбек Гүлзат және Қойшықұлов Ерлан турнирдің ұйымдастырылуына үлес қосып, іс-шараны жүргізу, мобилография және жауапты міндеттер атқарды.
Студенттер өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін, жауапкершілігін және шығармашылық белсенділігін танытып, пікірсайыс турнирінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Олардың еңбегі жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, кәсіби дағдыларын дамытуына және мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған маңызды іс-шараның жүзеге асуына үлес қосты.
Абайдың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» қағидасы — білімге ұмтылу, парасаттылық пен адамгершілікті қатар ұстанудың айқын көрінісі. Аталған турнир осы құндылықтарды дәріптеп, мемлекеттік қызметшілер арасында сындарлы пікір алмасу мен зияткерлік бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік берді.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері осындай маңызды қоғамдық іс-шараларға қатысу арқылы өздерінің кәсіби әлеуетін шыңдап, университет абыройын арттыруға үлес қосып келеді.
Артқа қайту