logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Абай университетінде «Жемқорлыққа жол жоқ: таза қоғамға бір қадам» тақырыбында семинар-тренинг өтті

14.10.2026

2026 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі бірлесіп, «Жемқорлыққа жол жоқ: таза қоғамға бір қадам» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараға Университеттің Педагогика және психология факультетінің басшылығы мен білім алушылары қатысты.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын нығайту, академиялық адалдық құндылықтарын дәріптеу және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Семинар-тренинг барысында Университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, білім беру үдерісінде ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заңсыз сыйақылар мен сыйлықтарды қабылдаудың алдын алу, сондай-ақ академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мөлдір Жабаева мүдделер қақтығысының мәнін түсіндірді. Сонымен қатар сыйлықтарға қатысты заңнамалық шектеулер мен сыйлық алынған жағдайда сақталуы тиіс талаптар жөнінде ақпарат берді.
Іс-шара аясында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында тақырыптық бейнематериалдар көрсетілді.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту