2025 жылдың 09 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметі қысқы мектеп шеңберінде университеттің жас оқытушылары мен эдвайзер қызметкерлері үшін кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы айтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту бойынша сөз қозғады.
Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау, оң және теріс іс-әрекеттерді дұрыс бағалау, қызметтік міндеттерді орындау барысында адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу қабілетін қалыптастыру.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
Артқа қайту