logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау

13.01.2025

2025 жылғы 13 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кезекті кездесу өткізді. Іс-шара қысқы мектеп аясындағы біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту - бұл ең алдымен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін дараландыруда, нақты нәтижелерге қол жеткізуде, сондай-ақ формализмнен аулақ болуда көрсетілген институционалдық реформалардың маңызды кезеңі екенін түсіндірді. Ол сондай ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы жас қызметкерлер мен студенттерге жоғары оқу орнының қабырғасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау туралы түсіндіруге тиіс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың авангарды болуға тиіс деп атап өтті.

Іс-шара барысында комплаенс-қызметінің алдыға қойған мақсаттары мен міндеттері айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы - оның ішінде жоғары оқу орындарының қызметіне тікелей қатысты реформалар туралы түсіндірілді.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту