2025 жылдың 13 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлері, факультет декандары және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелері арасындағы «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты дәріс «Педагогика және психология» факультетінде жалғасын тапты.
Дәрістің мақсаты - қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндіру және адалдық қағидаларын насихаттау. Шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Құрманғазы Мәдиев жүргізді.
Дәріс барысында тыңдаушыларға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, нақты өмірден алынған мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, егер адам заңсыз әрекеттердің куәгері немесе қатысушысы болса, қорқытып пара алынса немесе оған пара ұсынса, өзін қалай ұстау керектігі туралы нақты нұсқаулықтар берілді.
Дәріс университет қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған тұрақты іс-шаралардың бірі болып табылады. Алдағы уақытта әр факультетте бұл тақырып бойынша оқыту, талқылау және алдын алу шаралары жалғасатын болады.
Артқа қайту