2025 жылдың 14 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жоспарланған «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты ақпараттық дәрісі өтті.
Аталған шараға факультет деканы Ғабит Кенжебаев қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидаты маңызды рөл атқаратынын айтып, бүгінгі дәрістің маңыздылығына тоқталды. Ал, дәріс спикері - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мадиев болды. Дәріске қатысушылар спикерге көптеген сұрақтар қойып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелерін талқылап тәжірбе алмасты.
Артқа қайту