logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

«Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» ақпараттық дәрісі Математика, физика және информатика факультетінде өткізілді

17.02.2025

2025 жылдың 17 ақпанында Математика, физика және информатика факультетінде «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты ақпараттық дәріс өткізілді. Мақсаты - университеттің профессор-оқытушылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, тәртіп пен реттілікті нығайту. Шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев жүргізді.

Іс-шараға Математика, физика және информатика факультетінен 87 оқытушы қатысты. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолдары, университетте әділдік пен транспаренттікті қамтамасыз ету қажеттілігі және осы мәселелерді шешуде әрбір оқытушының жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қозғалды.

Бұл шара профессор-оқытушылық құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске деген көзқарастарын нығайтып, жалпы университет ішінде әділдікті орнатуға үлес қосуға бағытталды.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту