2026 жылғы 5 наурызда Abai University Тарих және құқық факультетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарын түсіндіру, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту.
Семинар барысында Abai University Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев университетте жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, білім беру үдерісінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және академиялық адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мұндай іс-шаралар университетте ашықтық пен адалдық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Артқа қайту