logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу

03.04.2026

2026 жылғы 3 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – жоғары білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, академиялық адалдық қағидаттарын нығайту және қызметтік әдеп мәдениетін қалыптастыру.
Семинар барысында Abai University Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен өзекті проблемалық мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, алдын алу тетіктері мен тиімді құралдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі белгілері түсіндіріліп, олардың алдын алу жолдары талқыланды. Баяндамашы адалдық, ашықтық, жауапкершілік және қызметтік әдеп қағидаттарының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Семинар барысында оқытушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелік сұрақтар қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары жөнінде пікір алмасты.
Аталған іс-шара университет ұжымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдауына және білім беру ортасында адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту