logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері «Ұят па? Заң ба?» дебат турнирінде жеңіске жетті

09.04.2026

2026 жылдың 9 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы жоғары оқу орындары арасында «Ұят па? Заң ба?» атты қалалық пікірталас сайысы өтті. Комплаенс-қызметі мен Тұлға қалыптастыру департаменті ұйымдастырған іс-шара дәстүрлі әлеуметтік стереотиптер басым жағдайда жастардың құқықтық санасын арттыруға, сондай-ақ бейресми мінез-құлық нормалары мен заңның ресми талаптары арасындағы байланысты талқылауға бағытталды.
Аталған зияткерлік додаға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «6B04202 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері қатысып, жоғары дайындықтары мен сыни ойлау қабілеттерін көрсетті.
Абай атындағы Тарих және құқық факультетінің Құқықтану мамандығының 2–3 курс студенттері өздерінің терең білімдері мен жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар турнирге қатысқан Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті, NARXOZ университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогткалық университеті жоғары оқу орындарынан келген білікті командалармен білім сайысында бақ сынасып, аталған топтар арасынан өзара тартысты додада жеңіске жетті.
Сайыс қорытындысы бойынша біздің студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды:
• 1-орын: «Сұңқар» командасы – Кемелбек Даниал және Тілеужан Рамазан;
• 3-орын: «Legal Trust» командасы – Юпитерова Индира және Шаповалова Карина.
Ғылыми жетекшілер: құқықтану кафедрасының доценті Мейірбекова Гүлжазира Болатқызы; құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к. Кенжибекова Эльмира Полатқызы.
Турнир барысында студенттер құқықтық мемлекеттегі заң үстемдігін дәлелдей отырып, өз пікірлерін еркін әрі нақты жеткізе білді. Бұл жеңіс — болашақ заңгерлердің кәсіби біліктілігі мен университеттер арасындағы интеллектуалдық байланыстың айқын көрінісі.
Жүлдегерлерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту