2026 жылғы 26 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім беру үдерісінде академиялық адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оқытушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және арттыру.
Семинар барысында Abai University Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев университетте жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, заңсыз ақшалай сыйақылар мен сыйлықтар беру фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында адал әрі әділ академиялық орта қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу тетіктері түсіндірілді. Академиялық адалдық, кәсіби этика, заң талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерді адал атқару қағидаттарының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Мұндай іс-шаралар университетте ашықтық пен сенімге негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүйелі түрде дамытуға бағытталған.
Артқа қайту