logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру

03.03.2026

2026 жылғы 3 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамына ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бекітілген Тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру бойынша кезекті семинар өтті.
Семинар барысында университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев оқу орнында жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын таныстырды. Академиялық адалдықты сақтау, заңсыз ақшалай сыйақылар мен сыйлықтардың алдын алу, білім беру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Әсіресе емтихан сессиясы кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, бағалау үдерісінің ашықтығын сақтау, бақылауды күшейту, емтихан өткізу тәртібін қатаң сақтау және кез келген заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттігі айтылды.
Іс-шара қорытындысында профессор-оқытушылар құрамы сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қатаң ұстану – әрбір қызметкердің кәсіби жауапкершілігі екенін атап өтті.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту