2026 жылдың 23–24 сәуір күндері Астана қаласында QAZAQ PROFI оқу орталығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі аудиті» тақырыбында семинар өткізді. Оқыту аралас форматта өтті: офлайн және онлайн (Zoom платформасы арқылы). Семинар барысында тренингтің мақсаттары, өзара әрекеттесу қағидалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі аудитінің негізгі аспектілері қарастырылды.
Бағдарлама келесі модульдерді қамтыды: 1-модуль. СЖТА (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің аудиті) мәні мен маңыздылығы СЖТА ұғымы, ISO 37001 және ISO 31000 халықаралық стандарттары, тәжірибелік кейстер қарастырылды. Практика: жағдайларды талдау; 2-модуль. Сыбайлас жемқорлық тәуекел аймақтарының картасы Классикалық және «жасырын» тәуекел аймақтары. Практика: тәуекелдер картасын топпен әзірлеу; 3-модуль Тәуекелдерді анықтау құралдары Құжаттарды талдау, сұхбат жүргізу, транзакцияларды талдау әдістері. Практика: құжаттардан тәуекел белгілерін анықтау; 4-модуль. «Қызыл жалаушалар» және сигналдар Негізгі белгілер мен жанама индикаторлар тізімі; 5-модуль. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау әдістемелері Сапалық және сандық әдістер, тәуекелдер матрицасы. Практика: матрица құру; 6-модуль. Басымдық беру және шешім қабылдау Тәуекелдерді ранжирлеу. Практика: әрекет ету шараларын әзірлеу; 7-модуль. СЖТА нәтижелерін құжаттандыру Есеп құрылымы, қорытындыларды тұжырымдау. Практика: шағын есеп дайындау; 8-модуль. Жоспарлау және мониторинг Нәтижелерді саясаттар мен рәсімдерге енгізу; 9-модуль. Практикалық жұмыс Тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар әзірлеу.
Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті және қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды. Материалдар түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынылып, тәжірибелік қолдануға ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында қатысушыларға кері байланыс беріліп, сертификаттар табысталды.
Артқа қайту