logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: мемлекет пен қоғамның серіктестігі»

13.05.2026

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, жастар арасында адалдық қағидаттарын дәріптеу, құқықтық сананы арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған ашық алаң форматындағы іс-шара өтті. Аталған жиынға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Тұран» университеті, Caspian University, Нархоз университеті, Almaty Management University (AlmaU), Қонаев университетінің білім алушылары бас қосты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: мемлекет пен қоғамның серіктестігі» тақырыбында өткен іс-шара барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, Abai University Тарих және құқық факультетінің «6В04202 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Мыңбай Ерасыл Қайсарұлы тақырып бойынша баяндама жасап, өзекті мәселелерді талқылады, ол үшін бақылаушылардан жоғары баға алды.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту