2026 жылғы 15 мамырда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Жастардың таңдауы – жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында жастар клубының дебаттық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы Нұрлан Тлешалиев және жоғары оқу орындарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- қызметінің өкілдері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ студенттердің жеке таңдауы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру болды.
Дебаттық іс-шараға Алматы қаласында орналасқан жоғарғы оқу орындарының студенттері мен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің М. Есболатов атындағы Алматы академиясының тыңдаушылары қатысты.
Нәтижесінде:
І орын – Нархоз университеті
ІІ орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
ІІІ орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы иемденді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапатталды.
Артқа қайту