logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Адал қызмет – ашық қоғам» тақырыбында ашық есік күні өтті

20.05.2026

2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ары қарай университет) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен «Azamat» жобасы аясында «Адал қызмет – ашық қоғам» тақырыбында ашық есік күні өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерді мемлекеттік қызметтің жұмыс барысын таныстыру және мемлекеттік қызмет саласына қызығушылығын арттыру.
Ашық есік күніне Университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкерлері мен студенттері қатысты. Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің құрылымы мен негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, Жастармен жұмыс және мемлекеттік қызметке тарту басқармасы, Мемлекеттік қызметтер басқармасы, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармаларының қызметі, тарихы мен негізгі міндеттері жөнінде ақпарат берілді.
Бұдан басқа, студенттер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Алматы қаласы бойынша филиалының кітапханасы мен музейінің жұмысмен және музейдегі экспонаттармен танысып, керекті мағлұматтар алды.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту