2026 жылғың 29 мамырында «ІІО қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарының алдын алу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастырудың құқықтық негіздері» тақырыбында ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың құқықтық негіздерін жетілдіру, сондай-ақ заңдылық, ашықтық және қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға бағытталған ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.
Дөңгелек үстел барысында ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын ғылыми тұрғыдан талдау, олардың алдын алу тетіктерін жетілдіру жолдарын айқындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін зерделеу және тиімді құқықтық құралдарды ұсыну мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қызметтік әдепті сақтау, адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ведомстволық құрылымдар мен ғылыми қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, озық тәжірибелермен алмасу және құқық қорғау қызметіндегі профилактикалық жұмыстың заманауи тәсілдерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты, ІІО қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жоғарғы оқу орындары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметткерлері шақырылып, олар осы бағытта атқарылып отырған өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев қатысып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне «Қызметтік әдепті сақтау – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында адалдық қағидатын іске асырудың негізі» тақырыбында дәріс оқыды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және құқық қорғау органдарындағы адалдық мәдениетін нығайту бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстарымен бөлісті.
Артқа қайту