2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай - Департамент), Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі бірлесіп, «Жемқорлыққа жол жоқ: таза қоғамға бір қадам» тақырыбында Университеттің Тарих және құқық факультетінің басшылары, оқытушылары және білім алушыларының арасында семинар-тренинг өткізді.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мадиев ашықтық пен мүдделер қақтығысы болдырмау, заңсыз ақшалай сыйақылар мен сыйлықтардың алдын алу және академиялық адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне тоқталды.
Іс-шара барысында, қатысушыларға Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мөлдір Серікқызы Жабаева сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын түсіндіріп, мүдделер қақтығысы туралы, білім беру ортасындағы ашықтық, әділдікті және заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық ұғымы мен оның түрлері туралы ақпарат берді.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық түрлері: жүйелік сыбайлас жемқорлықтың лауазымды тұлғалар тобының немесе лауазымды тұлғаның жеке тұлғалармен сөз байласу арқылы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын бірнеше рет жасау жолымен пайда табуға бағытталған бірыңғай пиғылмен байланыстырылған қылмыстық схеманы құруы екені атап өтті. Ал тұрмыстық сыбайлас жемқорлық қарапайым азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің өзара əрекеттесуі барысында туындайды (азаматтардың түрлі сыйлықтар мен қызметтер ұсынуы) айтылды.
Сондай-ақ академиялық адалдықтың білім алушының оқу және ғылыми жұмыстарды шынайы, әділ әрі жауапкершілікпен орындауын білдіретіні, сыйлық беруге қойылатын шектеулер және сыйлық алынған жағдайда қолданылатын тәртіп түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Артқа қайту