logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

«Жемқорлыққа жол жоқ: таза қоғамға бір қадам» тақырыбында семинар-тренинг өтті

24.09.2026

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай – Департамент), Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ары қарай – Университет) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі бірлесіп, «Жемқорлыққа жол жоқ: таза қоғамға бір қадам» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараға Университеттің Жаратылыстану және география факультетінің басшылары, профессор-оқытушылары құрамы және білім алушылары қатысты.
Семинар барысында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заңсыз сыйақылар мен сыйлықтарды қабылдаудың алдын алу, сондай-ақ академиялық адалдықты нығайту мәселелеріне тоқталды.
Содан кейін сөз алған Университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Академик Берікжан Әлмұхамбетов Президенттің «Заң және тәртіп» бастамасын қолдау аясында сөз сөйлеп, білім алушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, адалдық пен әділдік қағидаттарын берік ұстануға, қоғамда заңға құрметпен қарауға шақырды.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мөлдір Жабаева сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын атап өтіп, мүдделер қақтығысы, сыйлықтарға қойылатын заңнамалық шектеулер және сыйлық алынған жағдайда сақталуы тиіс тәртіп туралы ақпарат берді.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Азамат» жобасының жетекшісі Жанар Әбдіқадырова «Онлайн тәуелділікпен күрес» тақырыбында ақпарат берді. Кездесу барысында онлайн тәуелділіктің негізгі белгілері, оның адамның оқуына, жұмысына, әлеуметтік қарым-қатынасына әсері туралы түсіндірілді. Сондай-ақ қауіпсіз цифрлық мінез-құлық қалыптастыру, интернеттегі түрлі жағдайларға дұрыс әрекет ету және киберқауіптердің алдын алу мәселелері қозғалды.
Іс-шара барысында аталған тақырыптарға видеоматериалдар көрсетілді.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту