logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

Абай университетінде «Жемқорлыққа жол жоқ: таза қоғамға бір қадам» тақырыбында семинар-тренинг өткізді

28.09.2026

2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай - Департамент), Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі бірлесіп, «Жемқорлыққа жол жоқ: таза қоғамға бір қадам» тақырыбында Университеттің Филология факультетінің басшылылары және білім алушыларының арасында семинар-тренинг өткізді.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мадиев білім алушыларға ашықтық пен әділдікті және мүдделер қақтығысының алдын алу, заңсыз ақшалай сыйақылар мен сыйлықтарға жол бермеу, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелеріне тоқталды.
Іс-шара барысында, қатысушыларға Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мөлдір Жабаева сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын түсіндіріп, мүдделер қақтығысын болдырмау, білім беру саласында заң талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық ұғымы мен оның түрлері туралы, сыйлық беруге қойылатын шектеулер және сыйлық алынған жағдайда қолданылатын шаралар туралы ақпарат берді.
Семинар-тренинг соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, толыққанды жауаптар алды және пікір алмасты. Іс-шара барысында осы тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетілді.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

Артқа қайту