2025 жылдың 17 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-да әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлері, деканат басшылары және университеттің басқа да бөлімшелері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты ақпараттық дәріс өтті.
Дәрісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Құрманғазы Мәдиев өткізді. Өз сөзінде дәріскер мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нормативтік-құқықтық базасы, оның кезең-кезеңімен қалыптасуы мен іске асырылуы, сондай-ақ осы жағымсыз құбылыстың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмысқа тартылған органдар жүйесі туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлық көріністері әкелетін салдарға жеке тоқталды. Сондай-ақ, егер адам заңсыз әрекеттердің куәгері және қатысушысы болса, немесе оны қорқытып пара алса немесе оған пара ұсынса, өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар берілді.
Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық сөзінің нені білдіретінін, оның мәні, мазмұны мен көрінісі неде екенін, онымен қалай күресу керектігін және оған қалай қарсы тұру керектігін білді. Іс-шарада қатысушылар сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтарға жауап беріп, «пара дегеніміз не?» және «параның сыйлықтан айырмашылығы неде?» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы басқа да мәселелер жайында білді.
Сөз соңында Құрманғазы Мәдиев қатысушыларды сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуға, дамуына жол бермеуге, біздің мемлекетіміздің болашағы туралы ойлауға шақырды, мемлекетіміздің дамуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жалпы күш-жігерге байланысты екенін атап өтті.
Артқа қайту