2026 жылғы 22 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Abai University Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев қатысушыларды университеттің жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарымен таныстырып, оқытушылар мен студенттер арасында заңсыз ақшалай сыйақылар мен сыйлық беру фактілері туындамауын қадағалау керектігіне тоқталып өтті. Семинар барысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мәдениетін қалыптастыру бойынша профессор-оқытушылар құрамына академиялық адалдықты сақтау керектігін, өз міндеттерін атқару барысында заңдылық және адалдық қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.
Артқа қайту