logo

Сенім телефоны:

+7(727) 291-25-76

«ҚЫСҚЫ МЕКТЕП – 2026» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

16.01.2026

Абай университетінде дәстүрлі өтетін қысқы мектеп өз мәресіне жетті. Соңғы сессия сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықаралық рейтингтер мен білім беру сапасын жетілдіру және педагогтардың зерттеушілік әлеуетін арттыруға бағытталды. Соңғы күні оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерге ішкі бақылау тетіктері және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру туралы баяндамалар оқылды.

Елімізде жемқорлықсыз қоғам құру – әрбір азаматтың міндеті. Жоғары білім саласында сыбайластыққа жол бермеу өте маңызды екені анық. «Заң мен тәртіп» аясында академиялық адалдық ережесінің сақталуы әрқашан Абай университеті басшылығының назарында. Осыған орай, жоғары оқу орнындағы білім сапасына сыбайлас жемқорлықтың зиянды кесірі туралы университет қызметкерлерінің ішкі бақылау деректерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мәдиев талдап айтып берді. Ал ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық инновациялар және Action Research орталығының басшысы Айман Берикханова болашақ педагогтың зерттеушілік әлеуетін қалыптастыру педагогикалық білім берудің негізгі құндылығы екенін жеткізді. Жаһандық инновациялық интервенциялар мен оларды іске асыру мәселелеріне тоқталып, университет үшін межелі міндеттерді нақтылады.

Сонымен қатар оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми жарияланымдарының халықарылық рейтинг көрсеткіштеріне ықпалы жөнінде Стратегия департамент директоры Эльвира Тәттібаева баяндама жасады. Өз сөзінде жаһандық рейтингтердің анықталуы мен көрсеткіштер анализіне тоқталып, оқытушылардың халықаралық ғылыми журналдарға жарияланымдары айрықша маңызды екенін айтты.

Кезекті секцияда ОӘБ-ЖБТ ғалым хатшысы Жанна Жусупова заманауи білім беру модельдері мен шетелдік озық тәжірибелер негізінде оқыту жүйесін трансформациялау бағыттарын ұсынды. Факультет декандары, кафедра меңгерушілері және оқытушы-профессорлар құрамы қозғалған тақырыптар бойынша пікір алмасты.

«Қысқы мектеп – 2026» өз жұмысын сәтті аяқтап, Абай университетінің академиялық мәдениетті нығайту, білім беру сапасын арттыру және университеттің стратегиялық даму мақсаттарын іске асыру міндеттері анықталды. Дәстүрлі түрде өтетін іс-шара 2026 жылға бағытталған жұмыс жоспарын, даму бағыттарын нақтылауға мүмкіндік беретін кәсіби алаң десек артық емес.

event-detail-image event-detail-image event-detail-image event-detail-image

«Abai University» медиа орталығы

Артқа қайту