Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұсынымдар
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Жоғары оқу орындарының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметіндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 раундтық ұсынымдарын» орындау нәтижелері туралы ақпарат.
№1 ұсыным
Ұсыным алгоритмдерін орындау:
-
Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің (бұдан әрі – СЖҚК) жанынан Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі комиссия құрылды (төрағасы Т.Ж. Тасболатов). Комиссияның жұмыс жоспарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу және талдау бойынша іс-шаралар енгізілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан жоғары оқу орны ішілік құжаттарға (актілерге) сараптама жүргізу.
-
Әзірленді және бекітілді:
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2018/2019 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасы (14.11.2018 ж.);
- СЖҚК құрамы қалыптастырылды және бекітілді (14.11.2018 ж.);
- СЖҚК жанындағы комиссиялардың құрамдары қалыптастырылды және бекітілді: 1) Академиялық адалдық кодексінің және университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия; 2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі комиссия; 3) Хаттармен, шағымдармен және өтініштермен жұмыс жөніндегі комиссия;
- Университеттің Ғылыми кеңесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі туралы ереже әзірленді және бекітілді (27.11.2018 ж.);
- СЖҚК төрағасы 2018/2019 оқу жылына арналған СЖҚК жұмыс жоспарын әзірледі және бекітті (30.11.2018 ж.);
- СЖҚК төрағасы СЖҚК комиссияларының жұмыс жоспарларын әзірледі және бекітті (30.11.2018 ж.).
-
Өткізу режимін сақтау туралы ережелер жетілдірілді, бұл білім алушылардың сабаққа қатысуын тіркеудің электрондық жүйесінің көрсеткіштеріндегі қателіктер деңгейін едәуір төмендетуге және сабаққа қатысудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«_29 _» қараша 2018ж.
Артқа